Футбол 07 Қараша, 2018 (0) (25)

Қазақстан құрамасының Латвияға және Грузияға қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының Латвия және Грузия командаларына қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды, деп жазады ALAMAN спорт порталы


Команданың бас бапкері Станимир Стойловтың жас ойыншыларға қатысты ұстанған саясаты өз жемісін бере бастағаны рас. Ұлттар лигасының өткен ойындарында Сейдахмет, Зайнутдинов және Фединдердің батыл қимылы көптің көңілінен шықты. Бұл жолғы тізімде бұрын шақырылмаған футболшылар бар. Ордабасылық Темірлан Ерланов, қайсарлық Александр Марочкин қорғанысты күшейтуге септігін тигізері анық. «Қайсардың» тағы бір аяқдопшысы Думан Нәрзілдаевтың ҚПЛ-дегі аяқ алысы Стойловқа ұнаса керек. Тіпті қосалқы құрамда да біраз жастардың бары көңіл қуантады.

Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Тобыл»);

Қорғаушылар: Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков (барлығы - «Астана»), Александр Марочкин («Қайсар»), Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков (барлығы - «Қайрат»), Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов (екеуі де - «Астана»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Думан Нәрзілдаев («Қайсар»), Максим Федин («Тобыл»);

Шабуылшылар: Роман Муртазаев, Алексей Щеткин (екеуі де - «Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей)

 

Резерв:

қақпашы - Александр Мокин («Астана»),

қорғаушы - Нұралы Әліп («Қайрат»),

жартылай қорғаушылар - Иван Антипов («Ақжайық»), Юрий Перцух («Атырау»),

шабуылшы - Оралхан Өміртаев («Шахтер»).

 



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру