Ауыр атлетика 07 Қараша, 2018 (0) (24)

Лихачева Ашхабадтағы әлем чемпионатында қолаға қол жеткізді

Надежда Лихачева Ашхабадтағы әлем чемпионатында 71 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізді. Жұлқи көтеруде біздің спортшы қыз 3 мүмкіндігін толық пайдаланып, 112 келіні бағындырды. Ал серпе көтеруде екінші мүмкіндікте 130 келіні жұлып алды. Сөйтіп кем дегенде үшінші орынды иеленді. Бұдан соң жаттықтырушылар тобы тәуекелге бел буып, мысырлық Сара Ахмедпен күміс жүлдеге таласты бастаған. Алайда Лихачеваның 136 келіге шамасы жетпеді. Нәтижесінде қытайлық Вангли Жанг (115+152) ешкімге дес бермей жеңімпаз атанды. Сара Ахмед (111+141) екінші орынға жайғасты. Надежда Лихачева қоссайыс нәтижесінде қола, сондай-ақ жұлқи көтеруде күміске ие болды.
В тобында Екатерина Столяренконың өнер көрсеткенін де айта кету керек. Ол 212 (94+118) келі нәтижесімен осы дәреженің қорытындысы бойынша 10-орынға тұрақтады.
В тобындағы ерлер арасында 89 келіге дейінгі салмақта Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Уланов та қатысты.

Жұлқи көтеруде 160 келімен бесінші, серпе көтеруден 192 келіні бағындырып топта 6-орынмен аяқтаған ол жалпы есепте 14-орында қалып қойды.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру