Футбол 06 Қараша, 2018 (0) (143)

Аршавин «Қайратпен» қош айтысады

11 қараша күні Алматының Орталық стадионында «Қайрат» футболшысы Андрей Аршавинді клубтан кетуіне байланысты салтанатты түрде шығарып салу шарсы өтеді.

Қазақстан премьер-лигасының соңғы турындағы қарағандылық «Шахтермен» өтетін ойында клуб пен жанкүйерлер аңыз ойыншы Андрей Аршавинге керемет мансабы үшін алғыс білдіретін болады. Шава алматылық қана емес, қазақстандық футболсүйер қауымды өз ойынымен баурап алды.

Үш маусым бойы «Қайрат» сапында 100-ден аса матч өткізіп, 30 голдың авторы атанған Аршавин, 37 рет командаластарының мергендік танытуына мүмкіндік жасады. Клубпен бірге ел чемпионатының күміс жүлдесін үш рет ұтып, кубок пен суперкубокқа да ие болды.

Қарағандылықтармен болатын ойын 11-қараша күні сағат 15.00-де өтеді.

 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру