Велоспорт 03 Қараша, 2018 (0) (294)

Астанада велотректен Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді

Қарашаның 14-і мен 19-ы аралығында Астанадағы «Сарыарқа» кешенінде велотректен Қазақстан чемпионаты өтеді.

Ел біріншілігінде спортшылар 11 бағдарлама бойынша сынға түседі. 

Қарқынды жарыс: Топтық бәсеке, із қуу жарысы, командалық із қуу, ұпай санайтын топтық жарыс, скретч және мэдисон. 

Қысқа қашықтықтағы сайыс: Командалық спринт, кейрин, 200 метрге жарысу, спринт және гит (500 және 1000 метр).

Джакартада өткен 2018 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, Олимпиада ойындарының қатысушысы Артем Захаров ұлттық біріншіліктің басты фавориттерінің бірі. Ол «Astana Pro Team» командасы сапында өнер көрсетеді. 

Одан бөлек, әлем кубогі кезеңінің екі дүркін чемпионы Никита Панасенко, Азия чемпионы Әлішер Жұмақан, Асылхан Тұрар, Сергей Шатовкин, Роман Василенков, әлем чемпионатының қола жүлдегері Роберт Гайнеев және Азия чемпионатының екі мәрте жеңімпазы Павел Воржев те бар. 

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталып, Азия чемпионатына аттанатын спортшылар белгілі болмақ. 

Olympic.kz велотректен Қазақстан біріншілігінің жарыс кестесін назарларыңызға ұсынады. 

14 қараша

Топтық жарыс. Финал. Ерлер, әйелдер

15 қараша

Із қуу сайысы. 4 км. Ерлер. Іріктеу

Із қуу сайысы. 3 км. Әйелдер. Іріктеу

Командалық спринт. Ерлер, әйелдер. Іріктеу

Із қуу, финалдық сын

16 қараша

Кейрин. Ерлер, әйелдер

Командалық із қуу. Ерлер, әйелдер

17 қараша

Топтық жарыс. Ерлер, әйелдер

Спринт. Ерлер, әйелдер

200 метрге жарысу. Ерлер, әйелдер

18 қараша

Спринт

Топтық жарыс. Скретч 10 км. Әйелдер

Топтық жарыс. 15 км. Ерлер

19 қараша

Топтық жарыс. Мэдисор. Ерлер, әйелдер

Гит. 1000 метр. Ерлер

Гит. 500 метр. Әйелдер

 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру