Жекпе-жек 02 Қараша, 2018 (0) (313)

Қайрат Ахметов UFC тұжырымының экс-чемпионымен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қайрат Ахметов UFC тұжырымының экс-чемпионы, атақты Деметриус Джонсонмен жекпе-жек өткізуі мүмкін, – деп хабарлайды Alaman.kz порталы.

Аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын Қайрат Ахметов келесі жекпе-жегінде UFC-дің экс-чемпионы Деметриус Джонсонға қарсы шығуы мүмкін. Отандасымыз өнер көрсететін ONE Championship тұжырымымен жақында ғана келісімшартқа отырған Джонсонның алғашқы қарсыласы атануы мүмкін кандиттардың ішінде Ахметов та бар. ONE Championship тұжырымының ресми парақшасында жанкүйерлер арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша Ахметов–Джонсон жекпе-жегі ең көп дауыс жинаған. Демек, Деметриус Джонсонның бұл тұжырымдағы алғашқы жекпе-жегі отандасымызға қарсы болуы ғажап емес.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру