Күрес 30 Қазан, 2018 (0) (98)

Дәулет Тұрлыханов: «Атқаруға тиіс шаралар өте көп»

19-қазан күні Мажарстанға елеңдеумен болдық. Ел астанасы Будапеште Біріккен күрес әлемінің конгресі өтуі тиіс-тұғын. Күн тәртібінде бюро мүшелерін сайлау басты назарда болды. Мүшелікке даңқты Дәулет Тұрлыхановтың да үміткер болғанын айта кетейік.


19-қазан күні Мажарстанға елеңдеумен болдық. Ел астанасы Будапеште Біріккен күрес әлемінің конгресі өтуі тиіс-тұғын. Күн тәртібінде бюро мүшелерін сайлау басты назарда болды. Мүшелікке даңқты Дәулет Тұрлыхановтың да үміткер болғанын айта кетейік.

Конгреске үміткерлерді таңдауға 125 елдің делегаттары қатысты. Катар, Қазақстан, АҚШ, Ресей, Португалия, Венгрия және Қытай өкілдері бюро мүшелері болып сайланды. Халықаралық күрес федерациясының президенті Ненад Лалович осы жолы сайланған бюро мүшелері 2024 жылға дейін қызмет атқаратынын айтты. Бұлардың ішінде ең бірінші болып, жоғары 65 дауыс жинаған Дәулет Тұрлыханов болды. Қазіргі таңда Дәулет Тұрлыханов Бюро мүшелігімен қатар, Азия күресі кеңесінің президенті және ҚР грек-рим күресінен вице-президенті екенін айта кету керек. Бұл теңдессіз балуанның күрес әлеміндегі беделін айқындаса керек. Осы орайда біз Дәулет Болатұлымен тілдескен болатынбыз.

-          Дәулет Болатұлы, жеңісіңіз құтты болсын! Сайлау туралы қысқаша айтып өтсеңіз?..

-          Рахмет. Бюро мүшелігінің 7 орнына 15 үміткер кандидат атанды. Мен 125 дауыстың  65-не ие болып, бірінші турдан сайландым.

-          Сіздің жеңіске жететініңізге ешкімнің күмәні болмаған шығар?

-          Иә. Өзім де бюро мүшелігіне сайланатыныма сенімді болдым, әрине.

-          Будапештегі әлем чемпионаты туралы сұрасақ...

-          Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы бұл жолы жастарға сенім артады. Құраманың Нұрмахан Тінәлиев, Алмат Кебісбаев сынды негізгі мүшелерінің жастары біразға келді.Екі жылдан кейін Токио Олимпиадасының өтетіні белгілі. Оған дейін кезең-кезеңімен дайындық жасауымыз керек. Сол үшін жас балуандарды шыңдайтын боламыз.

-          Тағы бір маңызды жайт, Астанада өтетін әлем чемпионаты бар...

-          Атқаруға тиіс шаралар өте көп. Соның бірі - келесі жылы Астанада күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионаты. Конгресте таныстырылымын жасадық. Бәріне ұнады, көптің көңілінен шықты. Әлем чемпионаттарының тарихындағы ең жоғарғы деңгейде өтетін турнир болатынына еш күмәнім жоқ. Астанада оған барлық жағдай бар. Мемлекет те, федерация да аянып қалмайтынына сенемін.


Грек-рим күресінен 60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Айдос Сұлтанғали қола медаль олжалады. Үшінші орын үшін өткен белдесуде Солтүстік Корея балуаны Се Унг Риді ұтты. Күрестің осы түрінен 67 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Мейіржан Шермаханбет те 2018 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.


Мадияр Арстанбаев



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру