Жекпе-жек 30 Қазан, 2018 (0) (141)

Рамзан Қадыров Мейуэзер мен Нурмагомедовтың арасындағы жекпе-жек кешін Шешенстанда өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыров бокстан бірнеше дүркін әлем чемпионы Флойд Мейуэзер мен UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жекті Грозныйда өткізуге дайын екенін растады.


«Біздің әлемдік деңгейде спорттық, мәдени және саяси шараларды ұйымдастыруда тәжірибеміз мол. Егер Хабиб пен Флойд жекпе-жекке шығуға келісіп жатса, біз Грозныйда өткізуге тамаша мүмкіндік береміз. Біз оны ең жоғары деңгейде өткіземіз!», - деп мәлімдеді Қадыров.

Рамзан Ахматұлы сондай-ақ екі спортшыға қатысты көзқарасын білдірді.

«Әрине, мен Хабибтің жанкүйерімін. Ол біздің жігіт – мұсылман, ресейлік және кавказдық. Сонымен қатар мен Мейуэзердің де талантына тәнтімін. Мен оны сыйлаймын. Ол бізге өз үйіне келгендей келеді. Ол «Мен Шешенстанда үй салып, Грозныйда тұрғым, Ресей азаматтығын алғым келеді», дейді. Біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы, достық және бауырлық деңгейде», деді Шешенстан басшысы.

The Money Team Russia жобасының негізін қалаушы, Флойд Мейуэзердің әріптесі Тимофей Кургин боксшы Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізуге қызығушылық танытып отырғанын растады.

«Флойд пен Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек 600 миллион АҚШ долларына жуық пайда әкелді. Егер Хабибпен өтетін бокс кеші осы соманың жартысындай табыс әкелсе, ол да көп ақша болып есептеледі. Хабиб пен Невада атлетикалық комиссиясы арасында анау айтқандай проблема туындайды деп ойламаймын, бірақ жекпе-жек Лас-Вегаста өткізілмесе, онда Ресейде Хабибке хақын бір өңір бар, сол өңірдің басшысы кез келген проблеманы шешуге қауқары жетеді», - деді Кургин.

 



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру