Желідегі жазбалар 29 Қазан, 2018 (0) (433)

«Ильин, спорттан кет!». Әлеуметтік желі қолданушылары Илья Ильин туралы не дейді

Ауыр атлет Илья Ильиннің Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына қатыспайтыны туралы әлеуметтік желіліерде қызу талқыланып жатыр. Солардың бір парасын назарларыңызға ұсынамыз.

Руслан Түсіпбеков, заңгер, қоғам белсендісі:

ПАРАШЮТШІ ТУРАЛЫ ЕСКІ АНЕКДОТ БАР.

Бір топ десант ұшақта отыр. Ұшақ люгіне үсті-басы гипстен көрінбейтін десант жақындады. Нұсқаушы оған:

-   Тағы сен бе? Сен осыған дейін он рет секірдің, парашютің бір рет те ашылған жоқ.

-   Жоқ. Мен секіруге міндеттімін!

-   Күл болмасаң, бүл бол, ал, секір...

Бұл кезде жерде колхоз жиыны өтіп жатқан. Төраға  айқайлап жатыр:

-   Не деген тәртіпсіздік?! Сиырлар сауылмайды, тауықтар жұмыртқа тумай жүр. Тракторшы мас күйінде тракторды суға батырып жіберді!

Төбе тарс ете қалды. Шатырдан парашютші үстел үстіне құлап түсті.

Төраға:

-  Тіпті мына парашютші де «қанды ішіп бітті!»

Ильин осы парашютшіні еске түсіреді: оны қанша жерден әшкерелесе де, ол өзінікін қоймайды.

Жақсы, тек саған кету керек,  тыңдашы...

Марапаттар мен ақшаны да қайтармай-ақ қой, тек жоқ болып кетші, бары осы...

 

Ақырыс Сейітқазы, журналист:

Бүгін Ильяның әлем чемпионатына бармайтынын естіген бір әріптесіммен біраз сөз таластырдым. Иә, допинг дауынан кейін өзін қалай көрсетер екен деп оның оралуын мен де күттім. Десе де, Олимпиаданың екі медалін қайтарып, спорттан біраз уақыт шеттетілген соң, Ильинге бұрынғыдай қарамайтын болдым. Лондон мен Риода оның жеңісіне бөркін атқан қазақтардың қатарында мен де бар едім. Бірақ еш қарсылықсыз медалін қайтарып беріп, допингті қолданбағаны туралы үзілді-кесілді ештеңе айтпаған соң, көзқарасым өзгере бастады. "Допингпен болса да Қазақстанға медаль алып берді ғой", - дейді әріптесім. Шыны керек, көптеген жанкүйерлер мен кейбір қатарластарыма допинг пен спорттың бір-біріне ата жау екенін түсіндіру мүмкін емес екен.. Негізі, Ильин ғана емес, допинг дауына іліккен кез келген спортшыға құрметім төмендейді. Допингтің шын мәнінде не екенін түсінбейтін қаншама адам Ильяны әлі чемпион көреді. "Допингті бүкіл әлем қолданады; бұл Ильяға жасалған қастандық,  спорт - саясат" деген қаншама сылтау айтылса да, бір ұсталған соң бәрі белгілі деген ойдамын. Ал Ашхабадқа Ильяның дайын еместігі анық. Қазақстан чемпионатындағы көрсеткішпен ол өз салмағында 13-ші орында ғана тұр.

 

Бек Төлеуов, спорт журналисі:

Ильяның допинг дауынан кейінгі жарысын көру қызық еді. Бірақ бұл жігіт Ашxабадтағы әлем чемпионатына қатыспайтын болыпты. Барған жарысынан тіпті екінші орын алып көрмеген спортшының қарқынын байқаймыз ба деп едім... Өзі мансабынын аяқтауы мүмкін екенін айтып қалды. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру