Ауыр атлетика 29 Қазан, 2018 (0) (183)

Илья Ильиннің мансабы қыл үстінде тұр

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Түркменстан астанасы Ашхабадта өтетін 2018 жылғы әлем чемпионатында өнер көрсетпейтін болды.

Похожее изображение

Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді: 

- Әлем чемпионатында өнер көрсетпейтінім жайлы Қазақстан халқына қалай айтарымды білмедім. Алайда дәл қазір хабарлауды жөн деп шештім. Мен әлем біріншілігіне қатыса алмаймын. Өйткені омыртқамнан жарақат алдым. 

Тіпті спорттық мансабым қыл үстінде тұр. Дегенмен салым суға кетпейді. Бәрі жақсы. Ашхабадқа бапкер ретінде барамын. Бір жыл бойы бірге жаттыққан Нижат Рахимовқа көмектесемін. Сондай-ақ, Зульфия Чиншанлоға да көмегімді тигіземін деп ойлаймын, - деді Илья Ильин.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру