Жекпе-жек 29 Қазан, 2018 (0) (36)

Қазақстандық таеквондошылар Белградтағы халықаралық турнирде екі алтын жеңіп алды

Сербияның Белград қаласында өткен таеквондодан халықаралық турнирде Қазақстан спортшылары екі алтын, бір қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.


Азия ойындарының күміс жүлдегері Жансель Дениз Белградтағы турнирде 73 келіде топ жарды.

Ал Азиаданың қола жүлдегері Фариза Алдоңғарова 53 келіде чемпион атанды. 58 келідегі Айтуар Шайкенов үздік үштік қатарында.

Еске сала кетейік, аталған рейтингілік турнирден соң Жансель Дениз 108 ұпаймен әлемдік рейтингте 25-ші орында тұр. Бұл көрсеткіш Гран-при турнирінің финалына қатысуға жеткіліксіз.

Қазақстан командасы сапынан желтоқсанда өтетін финалдық Гран-при додасына Смайыл Дүйсебай ғана қатыса алады. Ол үздік 16 спортшының тізіміне енген.


ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру