Alaman Ақпарат 29 Қазан, 2018 (0) (113)

Тұрсынбаева Канададағы Гран-при турнирін бесінші орынмен аяқтады

Мәнерлеп сырғанаудан Канаданың Лаваль аймағында өткен Skate Canada Гран-при турнирінде Элизабет Тұрсынбаева бесінші орын алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Канададағы дүбірлі додаға 12 спортшы қатысқан болатын. Олардың арасында Олимпиада күміс жүлдегері Евгения Медведева (Ресей), 2018 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері, жапондық Вакаба Хигутилер бар.

Қысқа бағдарламаны алтыншы орынмен аяқтаған Тұрсынбаева еркін бағдарламада 124.52 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Ал еркін бағдарламада Евгения Медведеваға тең келер ешкім болған жоқ. Оның ұпай көрсеткіші – 137.08.

Екі бағдарлама қорытындысы бойынша ресейлік Елизавета Тухтамышева 203.32 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші орында жапондық Ямашита, 203.06 ұпай. Үшінші орында 197.91 ұпай жинаған Евгения Медведева.

Тұрсынбаева жалпы есебі 185.71 ұпаймен бесінші орын иеленді.


ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру