Футбол 28 Қазан, 2018 (0) (32)

Григорий Бабаян: «Маусым барысындағы қиындықтарға қарамастан, бесінші рет қатарынан чемпион атандық»

Премьер-Лиганың аяқталуына үш тур қалғанда «Астана» бес дүркін Қазақстан чемпионы атанды.

Чехия астанасынан Қостанайға ұшар алдында елордалық клубтың бас бапкер қызметін уақытша атқарушы Григорий Бабаян "Астана" клубының баспасөз қызметіне өз әсерімен бөлісті, - деп хабарлайды Alaman.kz тілшісі.


- Бірінші кезекте команда атынан клуб басшылығы мен демеушілерімізді, жанкүйерлерімізді және барлық клуб жұмысшыларын бесінші чемпиондық атақпен құттықтаймын! Команда чемпион атану жолында үлкен тер төкті деп сеніммен айта аламын. Дәл бұндай жетістікке күнделікті еңбектің арқасында жетуге болады. Сондықтан да біз өз еңбегіміздің арқасында чемпиондық атаққа лайық болдық деп ойлаймын. Әрине, ұшақта өткізген ұзақ, әрі қиын уақыттар болды. Кеше Чехияда ойын өткізіп, бүгін Қостанайға ұшып бара жатырмыз. Дегенмен, осындай қиындықтарға қарамастан, біз өз дегенімізге жеттік! Дәл қазіргі сәтте өте қуаныштымыз.

- Алтын жүлдені иеленіп қойғандарыңызға қарамастан, команда чемпионатта төрт ойын өткізеді. Негізгі құрамда көп өзгерістер орын алуы мүмкін бе?

- Біз маусым барысында барлық футболшылар ойын тәжірибесін иелену үшін барынша ротация жасап келеміз. Дегенмен, босаңсуға мүлде болмайды. Бізді алда Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы шешуші ойындар күтіп тұр. Бүгінше біз қуанып, ертең Қостанайда өте қиын ойын өткіземіз. Біз өз жолымызды соңына дейін жеткізу үшін, барынша жинақталуымыз керек. Егер жұмыс жасауды доғаратын болсақ, еурокубокта қиын болары сөзсіз.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру