Қысқы спорт 27 Қазан, 2018 (0) (168)

Қазақстан командасы шорт-тректен әлем кубогына қатысу үшін Канадаға аттанды

2-4 қараша аралығында Канаданың Калгари қаласында шорт-тректен әлем кубогының бірінші кезеңі өтеді.

Аталған сынға Қазақстан құрама командасы да қатысады. Бұл шорт-трекшілердің жаңа маусымын бастайтын алғашқы ресми дода. Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын Қазақстан құрама командасы жарысқа төмендегі құраммен аттанды.

Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали. 

Әйелдер: Анастасия Крестова, Ким Ионг А, Әсел Тайшыманова, Ольга Тихонова. 

Әлем кубогының екінші кезеңі 9-11 қараша күндері АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру