Қысқы спорт 27 Қазан, 2018 (0) (145)

Skate Canada: Тұрсынбаева қысқа бағдарламадан соң 6-шы орында келеді

Канаданың Лаваль аймағында өтіп жатқан Skate Canada Гран-при турнирінде қысқа бағдарлама аяқталды.

Элизабет Тұрсынбаева əзірге 6-шы орында. Қазақстандық спортшы 61.19 ұпай жинады. Ал бірінші орында ресейлік Елизавета Туктамышева. Ол қысқа бағдарламаны таза орындап, 74.22 ұпай жинады.

Екінші орында жапониялық Вакаба Хигучи (66.51), үшінші сатыда тағы бір жапондық Мако Ямашита (66.30).

Айта кетелік, қысқа бағдараламадан соң Элизабет Тұрсынбаева екі дүркін əлем чемпионы, ресейлік Евгения Медведевадан да биік тұр. Бағдарламаны орындау кезінде құлап қалған Медведева жетінші орында.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру