Alaman Ақпарат 26 Қазан, 2018 (0) (224)

Токио-2020: Ұйымдастырушылар медаль жасау үшін электронды құрылғыларды жинап жатыр

2017 жылдың сәуірінде Жапонияда қолданылған электронды құрылғыларды жинауға арналған жалпыхалықтық акция басталды.

Мұндағы басты мақсат - 2020 жылы өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының медалін дайындау үшін смартфон, сандық камера, ноутбук секілді электронды құрылғылардың қымбат металдарын пайдалану. 

Токио-2020 ұйымдастыру комитеті 2018 жылдың маусымына дейін жиналған электронды құрылғылар туралы есепті жариялайды. Ұйымдастырушылар бүгінге дейін 2700 келі қола жинап, жоспарды жүз пайыз орындаған. 

Сондай-ақ, 16,5 келі алтын (54,5 пайыз) және 1800 келі күміс (43,9 пайыз) жиналды. 

Олимпиаданы ұйымдастырушылар 2018 жылдың шілдесі мен 2019 жылдың наурызына дейін медаль жасауға жұмсалатын метал түгелдей жиналатынына сенімді. 

2018 жылдың қыркүйек айындағы мәлімет бойынша, электронды құрылғыларды жинау қарқыны төрт есеге артты. Көптеген спортшылар мен жапон қоғамының танымал тұлғалары да бұл іске белсене кіріскен. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру