Қысқы спорт 26 Қазан, 2018 (0) (274)

Конькимен жүгіруден Қазақстан біріншілігінің жеңімпаздары анықталды

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан біріншілігінің чемпиондары анықталды. Әйелдер арасында Екатерина Айдоваға жетер ешкім болған жоқ деп хабарлайды Olympic.kz.

Қарағандылық спортшы екі қашықтықта жеңімпаз атанды. Еске сала кетейік, ел чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрамаға, сондай-ақ, жасөспірімдер командасына қабылданады. 

Әйелдер, 500 метр:

1. Екатерина Айдова - 39.00;

2. Надежда Морозова - 40.68;

3. Алина Дауранова - 42.74

Әйелдер, 1000 метр:

1. Екатерина Айдова - 1:16.48;

2. Мария Громова - 1:25.62;

3. Маргарита Артемьева - 1:26.47;

3. Анна Шпакова - 1:26.47

Әйелдер, 3000 метр: 

1. Надежда Морозова - 4:39.68;

2. Елизавета Беркхайм - 4:44.75;

3. Мария Громова - 4:48.07

Әйелдер, командалық сын, 6 айналым

1. М. Громова, Е. Беркхайм, И.Шумекова – 3:34.55

2. Н.Морозова, Т.Бабка, И.Чумак – 3:35.25

3. А. Нұрсейіт, Е. Брынза, А. Дауранова – 3:38.07

Ерлер, 500 метр:

1. Станислав Палкин - 35.91;

2. Артем Крикунов - 35.96;

3. Иван Аржаников - 36.03

Ерлер, 1000 метр: 

1. Денис Кузин - 1:10.53;

2. Иван Аржаников - 1:10.97;

3. Александр Кленко - 1:11.13

Ерлер, 1500 метр:

1. Демьян Гаврилов - 1:49.70;

2. Иван Аржаников - 1:50.04;

3. Денис Кузин - 1:50.61

Ерлер, 5000 метр:

1. Дмитрий Морозов - 6:40.08;

2. Виталий Щиголев - 6:46.01;

3. Демьян Гаврилов - 6:46.65

Ерлер, командалық сын, 8 айналым

1. Д. Гаврилов, Д. Морозов, Г. Щиголев – 3:53.91

2. М. Баклашкин, Ф. Мезенцев, А. Мухамадиев – 4:06.41

3. А. Кленко, Р. Бегімбетов, Р. Кирбятьев – 4:11.31

«Конькишілер маусымының басталғанына қуаныштымынн. Қазақстан чемпионатынан соң әлем кубогі кезеңдеріне қатысатын спортшылар іріктеледі. Ал келесі айдан бастап біздің жарыстан босамайтынымыз хақ.

Биылғы маусымда жақсы нәтиже тіркейміз деген үміт басым. Бас бапкер мен командадағы өзгерістер осылай ойлауыма түрткі болды. Секундтарымызды жақсарта түсеміз деген ойдамын. Қазақстан біріншілігін бақылау сынағы деп атасақ та болады. Ал ерлер командасында жағдай басқаша. Олардың іріктеу сыны бізге қарағанда қиындау екенін айтқым келеді. 

Қарсыластарыма келер болсақ, жас спортшылардың өсіп келе жатқаны рас. Болашақта олар маған көмектеседі деп ойлаймын», - дейді Айдова.

Еске сала кетейік, ұлттық құрама спортшылары 14-18 қараша аралығында Жапонияда өтетін әлем кубогі кезеңіне қатысады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру