Жекпе-жек 25 Қазан, 2018 (0) (35)

Алматыда WT Таеквондодан «Жеңіс» кәсіби спорт клубының кубогы ашық республикалық турнирі өтеді

Қазанның 26-сы мен 28-і күндері Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 42, Атакент саябағы 9-С павилионында WT Таеквондодан «Жеңіс» кәсіби спорт клубының кубогы ашық республикалық турнирі өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.


Жарыстың бірінші күні 6-7 жас, 10-11 жас ұлдар, қыздар 2 раунд 1,5 минуттан үзіліс 30 секунд KPNP электронды төрешілік жүйесінде кез келген қатысушылар бақ сынайтын болса, екінші күні 8-9 жас ұлдар, қыздар 2 раунд 1,5 минуттан үзіліс 30 секунд, 12-14 жас жас ұлдар, қыздар 3 раунд 1,5 минуттан үзіліс 30 секунд, 12- KPNP электронды төрешілік жүйесінде өтеді.

Қазақстаннның әр аймағынан келген мықты спортшылар өнер көрсетеді. Бұл жарыс Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 42, Атакент саябағы 9-С павилионында өтеді. WT Таеквондо ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері мен жас айырмашылығы бойынша өткізіледі. 26-сы күні 10:00-18:00-ге дейін салмақ өлшеу, 27-сі жарыс басталуы сағат 09:00-де басталады, ашылу салтанаты 14:00-де. (екі күн)

Бұл турнирге қыздар мен ұлдар қатыса алады. Ол үшін регламентке сәйкес жарыстың www.tkdream kz сайтына тіркеліп тиісті қаражат төлеу қажет.

Турнирдін басты мақсаты елімізде шығыс жекпе-жегі таеквондо спорт түрін дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру және үздіктерді анықтау.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар және дипломдар табысталады.




Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру