Жекпе-жек 25 Қазан, 2018 (0) (39)

Қазақ спортшысы Қытайда қарсылас шақ келтірмеді

Қазақстандық жауынгер Мерген Билялов Қытай елінде Kunlun Fight чемпиондық белбеуін иемденді.

Қытайдың Тунлин қаласында К-1 ережесі бойынша өткен жарысқа Қытай, Гонконг, Бразилия, Белорусь, Голландия және Қазақстаның спортшылары қатысты. 8 спортшының ішінде қазақстандық Мерген Билялов үздік шықты.

Чемпиондық белбеу жолында Мерген Билялов белорусь және қытайлық қарсыластарын ұтты. Ал финалда Қытай спортшысы Чжан Янды төрешілердің шешімі бойынша жеңді. 



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру