Футбол 25 Қазан, 2018 (0) (170)

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады

Қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 117 орынға жайғасты.

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) 2018 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша жариялаған рейтингіне сәйкес Қазақстан Ұлттық құрамасы өткен аймен салыстырғанда бір сатыға көтерілді. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан құрамасы қазан айында УЕФА Ұлттар Лигасы аясында екі матч өткізді. Сырт алаңда Латвия құрамасымен 1:1 есебімен тең түссе, өз алаңында Андорра құрамасын 4:0 есебімен ұтты.

Станимир Стоилов командасы келесі ойынын 15 қараша күні «Астана Арена» стадионында Латвиямен өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады. 19 қараша күні біздің футболшылар сырт алаңда Грузиямен ойнайды.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру