Күрес 24 Қазан, 2018 (0) (49)

Елдос Сметов Азия ойындарындағы жарақатынан соң татамиге оралды

27-29 қазан күндері Біріккен Араб әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» кезеңі өтеді.

Әлемнің 64 елінен 400-ге жуық спортшы қатысатын додаға Қазақстан намысын 12 дзюдошы қорғайды. 

Рейтингтегі үздіктер қатысатын турнирге Қазақстан ерлер командасы мықты құраммен аттанды. Әбу-Даби татамиінде әлем чемпионы Елдос Сметов, биылғы әлемдік сынның күміс жүлдегері Ержан Серікжанов, Азиада чемпионы Дидар Хамзалар күреседі. 

Айта кетелік, Джакаратадағы Азия ойындарындағы жарақатынан соң команда үздігі Елдос Сметов алғаш рет ірі жарысқа қатыспақшы. Сметов Бакудегі әлем чемпионатынан да сырт қалған болатын. 

Әйелдер:

Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг)

Ерлер: Елдос Сметов (-60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)

Ерлан Серікжанов (-66 кг)

Елдос Жұмақанов (-66 кг)

Бекәділ Шаймерденов (-73 кг)

Дидар Хамза (-81 кг)

Ислам Бозбаев (-90 кг)

Азиз Қалқаманұлы (-90 кг)

Әділхан Қозыбаев (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Ғалымжан Қырықбай (+100 кг)


Дереккөз: Olympic.kz

Сурет: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру