Ұлттық спорт 23 Қазан, 2018 (0) (35)

Алматы палуандары республикалық «Жас Барыс» турнирінде өнер көрсетеді

Алматыда қазақ күресінен республикалық «Жас Барыс» турнирінің іріктеу кезеңі өтті.

Жарыс оқушылар сарайының спорт кешенінде әр түрлі салмақ және үш жас айырмашылығы бойынша өтті: жас жасөспірімдер 2003-2004, жасөспірімдер 2001-2002 және жастар 1998-2000 жж.

Боз кілем бәсекесінде  200-ден астам жас палуандары өзара мықтыны анықтап, тартысты күрес көрсете білді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Almaty qazaq kuresi» клубы ұйымдастырушыларынан медалдар және дипломдармен марапатталды.

Енді өз салмақтарында жеңімпаз атанған спортшылар Алматы қаласының атынан Щучинскте қарашаның 23-і мен 26-і  күндері өтетін республикалық «Жас Барыс» турнирінде өнер көрсетеді.

- Финал қиын болды. Қарсыласым да мықты екен. Бірақ жеңіске жетіп қуанып тұрмын. Осы спортта жүргеніме 4 жыл болды. Әр түрлі жарыстарға қатысып жүрмін. Енді «Жас Барыс» турнирін ұтсам деймін. Болашақта «Қазақстан Барысы» атанғым келеді, -  дейді жеңімпаздардың бірі Ғалымжан Тойбаев (60 келі).

Назарларыңызға жеңімпаздардың ұсынамыз.

2003-2004: Дінмұхамбет Шәкіров (38 кг), Мағжан Қияс (42 кг), Шыңғыс Қайырхан (46 кг), Мирас Шәкеров (50 кг), Хангелді Ергешов (55 кг), Ғалымжан Тойбаев (60 кг), Ақсұлтан Нұржақыпов (66 кг), Бекжан Еділбеков (73 кг), Шыңғыс Серіков (73 кг).

2001-2002: Мәди Тлеубаев (46 кг), Арафат Әділхан (51 кг), Ерлан Бақытбек (64 кг), Эльдар Ақылжан (72 кг), Зеиналиев К (81 кг), Ерсұлтан Жорабек (+81 кг).

1998-2000: Роллан Қабаев (55 кг), Жомарт Әмірали (60 кг), Нұрболат Шайхиев (66 кг), Ерсұлтан Болат (74 кг), Жанболат Тұрғанбеков (82 кг), Асхат Ғаппар (90 кг), Айбек Изтлеуов (100 кг), Нұрбол Жаппар (+100 кг).

 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру