Хоккей 22 Қазан, 2018 (0) (211)

ҚХЛ. «Барыс» Минскінің «Динамосын» жеңді

Астанада Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы «Барыс» пен минскілік «Динамо» командалары арасында ойын өтті.

Елордалық команда қарсыласын 3:1 есебімен ұтты. «Барыстың» сапында Дмитрий Шевченко, Андре Петерссон және Дастин Бойд көзге түсті.

Бұл «Барыстың» қатарынан үшінші жеңісі. Астаналық ұжым шығыс конференциясында 6-шы сатыға жайғасты.

«Барыс» - «Динамо» Минск 3:1 (0:0, 2:0, 1:1)

1:0 Шевченко (Диц + Волк) – 30:48

2:0 Петерссон (Михайлис + Старченко, басымдықта) – 36:46

2:1 Осипов – 40:39

3:1 Бойд (Волк + Фрэттин, басымдықта) – 47:15

Сурет: hcbarys.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру