Alaman Ақпарат 22 Қазан, 2018 (0) (184)

Көркем гимнасшы Даяна Әбдірбекова көпсайыстан ел кубогын иеленді

Қазанның 17-21 аралығында Шымкентте көркем гимнастикадан Қазақстан кубогы мен ел чемпионаты өтті.

Қатысушылар көпсайыстан кубокті сарапқа салса, жекелеген жаттығу түрлерінен чемпиондық атаққа таласты. 

Турнирге жалпы есебі 13 өңірден спортшылар қатысқан.

Көпсайыс қорытындысы бойынша шымкенттік Даяна Әбдірбекова жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Шымкенттің тағы бір өкілі Тоғжан Молдаханова иеленсе, үшінші орын астаналық Айдана Шайкеноваға бұйырды. 

Еске сала кетейік, Даяна Әбдірбекова командалық жаттығудан Азия ойындарының чемпионы атанды. Сондай-ақ, Чехияда өткен Гран-при кезеңінде ұршық жаттығуы бойынша төрттікке енді. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру