Alaman Ақпарат 22 Қазан, 2018 (0) (198)

Ескек есуден Азия чемпионаты: Қазақстандық спортшылар үш медаль еншіледі

20-25 қазан аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтуде.

Сондай-ақ, ересектер арасындағы Азия кубогы додасы да жалауын көтерді. Қазақстандық спортшылар бүгінге дейін үш медаль олжалады. 

23 жасқа дейінгі спортшылар арасында байдаркамен 1000 метрге жарысудан Александр Медведев 2-ші орын иеленді. Ал жасөспірімдер арасындағы дәл осы бәсекеде Кирилл Тубаев чемпион атанды. 

Каноэшілер сынында Алтынбек Қожахметке тең келер ешкім болған жоқ. Ол 1000 метрге жарысудан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атағына қол жеткізді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру