Alaman Ақпарат 21 Қазан, 2018 (0) (291)

Қазақ қызының сұлулығына әлем жұрты тамсанды

Қазақстандық джиу-джитсушы Гулжан Накипова әлемнің ең тартымды спортшыларының қатарына енді.

26-жастағы Гулжан Накипова Instagram желісінің белсенді қолданушысы. Әлеуметтік желідегі парақшасына жаттығудан қажетті видеолар мен кеңестерді салып отырады. 

Өткен жылы Гулжан джиу-джитсудан бүкіләлемдік фестивальда топ жарған. Сондай-ақ әлем чемпионатында үздік үштікке кірген. Ол Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және Ұлттық құраманың мүшесі.

Дегенмен Гулжан тек спорттан бөлек істермен де шұғылданады. Мысалы, студенттерді шетелдік жоғары орындарына түсіретін агенттігін басқарады. Бес тілді меңгерген спортшы әнді де жақсы айтады. 

Дереккөз: Prosports.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру