Бокс 21 Қазан, 2018 (0) (251)

Данияр Елеусінов алдағы уақытта қалай жұмыс жасайтынын айтты

АҚШ-та төртінші жеңісіне қол жеткізген жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) алдағы жекпе-жектері туралы айтты, - деп хабарлайды Alaman.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 


«Мен әуесқой бокста алыс қашықтықта жүріп жұмыс жасадым. Ал кәсіби бокста Джон Дэвид Джексон мені жақын және орта ара қашықтықта бокстасуға үйретіп жатыр. Қандай жағдай болмасын маған жұмыс жасап, үлкен жекпе-жектерде өзімнің мүмкіндігімді көрсетуім керек», - деді Елеусінов. 

Еске сала кетейік, бүгін 27 жастағы Данияр Елеусінов Бостон қаласының TD Garden аренасында америкалық Мэтт Доэртиге (8-5-1, 4 КО) қарсы бокстасып, жеңіске жетті. 

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның кәсіби бокстағы бесінші жекпе-жегінің қашан және қайда өтетінін де жариялаған болатын. Оның қарсыласы әзірге белгісіз. Данияр Елеусінов биыл 4 тамызда өткен жекпе-жекте венгриялық Габор Горбичті (26-13, 16КО) ұпай санымен жеңген болатын. Бұдан кейін қазақстандық боксшының BoxRec.com танымал сайтындағы рейтингі бірден 75 сатыға жоғарылады. 

Дереккөз: inform.kz

Сурет: news group newspapers ltdNEWS GROUP NEWSPAPERS LTDNEWS GROUP NEWSPAPERS LTD


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру