Жекпе-жек 19 Қазан, 2018 (0) (52)

Хабибтың әкесі Макгрегорды кешіріп, Дағыстанға шақырды

Хабибтың әкесі Абдулманап Нурмагомедов ұлының қарсыласы болған Конор Макгрегорды Дағыстанға шақырды, - деп хабарлайды Alaman.kz тілшісі Tengrinews сайтына сілтеме жасап. 

© instagram.com/khabib_nurmagomedov

Абдулманап Нурмагомедов оны желтоқсанның ортасында Махачкалада өтетін жауынгерлік самбодан әлем чемпионатына шақырды. "Біздің жақын досымыз Олег Николаевич Тактаров пен Макгрегорды құрметті қонақ болуға шақырамын! Барлығы үшін кешіремін! Қайырымды болу керек", - деді Абдулманап Нурмагомедов. 

Еске сала кетейік, 6 қазанда Нурмагомедов чемпиондық титулын қорғап, МакГрегорды тұншықтыру әдісімен жеңді. Осыдан кейін ресейлік файтер октагоннан секіріп түсіп, жаппай төбелес шығарды. Чемпионға айыппұл салынуы мүмкін. 

Дереккөз: Championat.com


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру