Alaman Ақпарат 18 Қазан, 2018 (0) (174)

Айбике Хабибуллина семсерлесуден Азия чемпионатында топ жарды

Филиппинің Манила қаласында семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті.

Семсерлесуден әйелдер арасындағы сында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Айбике Хабибуллина чемпион атанды. Тағы бір спортшымыз Әйгерім Сарыбай күміс медаль иеленді. 

Еске сала кетейік, екі спортшы да ірі халықаралық турнирлерде Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүр. Әйгерім Сарыбай мен Айбике Хабибуллина командалық сында Азия ойындарының қола жүлдегері атанған болатын. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру