Alaman Ақпарат 18 Қазан, 2018 (0) (202)

Қазақстандық каратэшілер Токиодағы турнирде екі жүлде жеңіп алды

Жапония астанасында каратэден лицензиялық турнир өтті.

«Токyo Open 2018» бәсекесінде қазақстандық спортшылар 2 медаль жеңіп алды. Атап айтар болсақ, 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сабина Захарова күміс медальға қол жеткізді. 

Ал 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Игорь Чихмарев үздік үштікке енді. 

50 келіге дейінгі салмақта Әсел Серікова мен 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Ермак Айназарова жетінші орын иеленді. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру