Күрес 18 Қазан, 2018 (0) (198)

Екі қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатын 5-ші орынмен аяқтады

Нассауда басталған жастар арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар бүгін жүлдесіз қалды.

Жарыстың брнші күнінде татамиге 5 дзюдошы шықса, оның ішінде екеуі нәтижелі күрес көрсетіп, жарысты 5-ші орынмен аяқтады.

60 келіге дейінгі салмақта белдескен Бауыржан Нарбаев жұбаныш финалында Бразилия спортшысы Ренан Торреске жол берсе, 48 келіге дейінгі салмақта күрескен Ғалия Тынбаева испаниялық Лаура Мартинез Абелиндаға жеңіліп, екеуі де қолаға қол созым жерде сүрінді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру