Күрес 15 Қазан, 2018 (0) (790)

Будапештегі күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионатына баратын әйелдер құрамасы белгілі болды

Биыл ғана әйелдер күресі ұлттық құрамасының тізгінін ұстаған Нұрлан Аманқосов Аlaman.kz спорт порталы тілшісіне Венгрия астанасы Будапеште өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін атап берді.

Олар:

50 келі. Валентина Исламова

53 келі. Жұлдыз Эшимова

55 келі. Марина Седнева

57 келі.  Эмма Тисина

59 келі. Алтынай Сатылған

62 келі. Аяулым Қасымова

68 келі. Екатерина Ларионова

72 келі. Жәмилә Бақбергенова

76 келі. Эльмира Сыздықова

Құрама тізіміндегі спортшы қыздардың басым көпшілігі - биылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары. Оған қоса, құрамада Екатерина Ларионова, Эльмира Сыздықова, Жүлдыз Эшимова, Валентина Исламова сынды тәжірибелі балуандар бар.

Екатерина Ларионова - бетке ұстар балуандардың бірі, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионатының жүлдегері. Осыдан бес жыл бұрын дәл осы Будапешт боз кілемінде әлем чемпионатының қоласын да ұтқан болатын. Алайда дәл қазіргі сәттеЕкатерина өзінің үздік спорттық бабынан алыстап кетті. Десе де, тәжірибелі спортшымыз жүлделі орыннан көрінуі тиіс.

Эльмира Сыздықова – еркін күрестен Олимпиада ойындарында олжа салған тұңғыш қазақ қызы. Барған әр жарысынан жүлдесіз қайтпайтын Эльмираға бапкерлер бұл жолы да үлкен үміт артып отырғаны жасырын емес. Құрлық бәсекесінде төрт рет жүлдегер атанған қарағандылық спортшы биыл Жакартадан (XVIII Азия ойындары) да қола жүлдемен оралған болатын. Эльмираның спорттық мансабында тек әлем чемпионатының медалі ғана жоқ. Ендеше бұл статистика аруымыз үшін жаңа жігер, жеңіске деген ерекше құлшыныс береді деген үміттеміз.

Жұлдыз Эшимова құрама сапындағы ең тәжірибелі балуанымыз десек, артық айтпаспыз. Жұлдыз - әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы және алты дүркін жүлдегері, Олимпиада ойындарының қатысушысы. Жұлдыздың күресі де айла-әдіске толы. Жан-жақты спортшы.

50 келіде ел намысын Ресейден келген легионер - Валентина Исламова қорғайды. Валентина - Еуропа ойындарының жеңімпазы атанған тәжірибелі спортшы. Бапкерлер Валентинаға Жакартада өткен Азия ойыдарында үміт артқан болатын. Алайада, азаматтық мәселесі шешілмегендіктен Азия ойындарынан шеттетілген болатын. Ендеше оныі күресіне алдағы додада баға бере жатармыз.

Құрама сапындағы Аяулым Қасымова, Эмма Тиссина, Марина Седнева, Жәмиля Бақбергенова, Алтынай Сатылғандарға үлкен жарыстарда өздерін көрсететін уақыт келді. Сол себепті аталған барлық спортшыларымыздан жеңісті күрес күтеміз.  

Естеріңізге салайық, әлем чемпионаты Венгрия астанасы – Будапештте 20-28 қазан аралығында өтеді.


Начало формы

Конец формы



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру