Alaman Ақпарат 15 Қазан, 2018 (0) (315)

Конфедерация Кубогының екінші финалистері анықталды

В тобының іріктеу кезеңі Талдықорған қаласында өтті

Бүгін Талдықорған қаласында спорттық жекпе-жек және күш қолдану спорт түрлері Конфедерациясы Кубогының В тобындағы екінші іріктеу кезеңі өтті.

Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Астана қаласының құрамалары дзюдо, таэквондо, еркін және грек-рим күресінен жартылай финалдың жолдамасы үшін бақ сынады.

Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы таэквондо спортынан қарсылас шақ келтірмеді.
Ал татамиде қарағандылық дзюдошыларға төтеп берер құрама болмай, қарағандылық дзюдошылар Конфедерация Кубогының жартылай финалына өтті.
Іріктеу кезеңін қабылдаған Алматы облысының грек-рим күресінен жартылай финалдың жолдамасын жеңіп алды.
Елордалық еркін күрес шеберлері Конфедерация Кубогының жартылай финалында өнер көрсету құқығына ие болды.
Айта кетейік, D тобында грек-рим күресінен Солтүстік Қазақстан құрамасы жартылай финалға шыққан. Еркін күрес пен таэквондодан Түркістан облысының спортшыларына тең келер ешкім болмады. Ал дзюдодан Қызылорда облысының спортшылары жартылай финалға өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру