Велоспорт 15 Қазан, 2018 (0) (174)

Алексей Луценко «Түркия турында» екінші орынды иеленді

Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Алексей Луценко маусымды жеңіспен аяқтады. Ол бүгін аяқталған «Түркия турында» жалпы есепте екінші орын иеленді.

Жарыстың соңғы кезеңінде ирландиялық Сэм Беннетт жеңімпаз атанды. Бүгін мәреге екінші болып келген Эдуард Прадес жалпы есептегі тізгінді де қолына алған болатын. 

Осылайша, Алексей Луценко «Түркия турын» екінші орынмен аяқтады. Үздік үштікті Нейтан Хаас тұйықтап тұр. 

«Бұл дода оңай болған жоқ. Әсіресе, соңғы екі кезең жүйкеге көп салмақ түсірді. Көш басындағы спортшылардың уақыт айырмашылығы алшақ емес, сондықтан, шабуыл үдей түсті. Жеңіске әркімнің де таласы бар еді. Бұл менің осы маусымдағы соңғы жарысым. Сол себепті, маусымды жақсы нотамен аяқтағаныма қуаныштымын», - деді Луценко. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру