Жекпе-жек 14 Қазан, 2018 (0) (212)

Хабиб Нурмагомедов кіші-Флойд Мейвезерді жекпе-жекке шақырды

Ресейлік жеңіл салмақ дәрежесіндегі UFC чемпион Хабиб Нурмагомедов салмағына қарамастан американдық үздік боксшы кіші-Флойд Мейвезерді жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Alaman.kz тілшісі Vesti.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

"Флойд, алға! Мен жекпе-жекке шығуға дайынмын. Екеуміз де жеңіліп көрмегенбіз. Неге бірге шықпасқа? Джунглиде тек бір патша бар. Oл мен. Cебебі мен Конорды оңай жеңдім, ал ол жоқ", - деді Нурмагомедов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 6 қазанда Лас-Вегаста Нурмагомедов Макгрегорды төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген еді. Осылайша, ол жеңіл салмақта чемпион атағын қорғап қалды. Ал ирландық спортшы бұрындары Мейвезерден боктасасып жеңілген.

Фото: Jason Silva / ZUMAPRESS.com / Globallookpress


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру