Желідегі жазбалар 14 Қазан, 2018 (0) (179)

Бек Төлеуов, спорт журналисі: «Тым құрығанда Остапенконың деңгейіндегі шабуылшы табылмай тұр»

Кезінде құрамада Сергей Остапенко деген шабуылшы болды. Ол әрине голды аз соғатын. Бірақ оның пайдасы көп тиетін. Әуедегі допқа талас секілді қара жұмыстарды атқаратын.


Сол Остапенконы жанкүйерлер ұнатқан жоқ. Қазір құрамада соның деңгейінде де шабуылшы қалмады ғой.

Әлем чемпионы Франция құрамасындағы шабуылшы Ольвье Жирудың да голды топырлатып жатқаны шамалы. Бірақ негізгі құрамнан түспейді. Оның да себебі Остапенконың міндетін атқарады.

Ресейдегі чемпионатта тіпті «створ» теппей кетті ғой. Австралиямен алғашқы ойында Жиру алаңға шыққан жоқ. Сол матч Францияның ең сүреңсіз ойыны болды. Одан кейін Жиру барлық матчтарға қатысып шықты. Бас бапкер Дешам түсінген секілді.

Реалда Бенземаға көп сын айтылады.Сол Бенземамен жүріп, Реал 4 рет чемпиондар лигасын жеңді.Қазір орталық шабуылшының бәрі алаңға шыққан соң топырлатып гол соғу керек деген түсінік қалып барады. Командалық ойынға пайдасы тиюуі керек.

Алайда, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткинде осы қасиеттердің бірі де жоқ.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру