Жекпе-жек 13 Қазан, 2018 (0) (203)

Қазақстан құрамасы аралас жекпе-жектен (MMA) әлем чемпионатына қатыса алмайды

Қазақстанның MMA-ден ұлттық құрамасына әлем чемпионатына қатысуға рұқсат берілмей жатыр.

Бұл жарысқа панкратион федерациясының мүшелері тіркелген. Қазақстандағы MMA федерация жетекшілерінің айтуы бойынша, олардың ресми аккредитациялары жоқ.  Сәйкесінше, аралас жекпе-жек өнері бойынша халықаралық сайыстарға ел атынан қатыса алмайды.


“Бұл спорттың негізі қаланғалы бері, мемлекет мойындағалы бері оны дамытып келе жатқан федерацяимыз, өз заңымыз бар. Біз барлық халықаралық ұйымдарға ресми түрде мүше болып,  өнер көрсету арқылы көшбасшы елдердің қатарында болдық. Қазіргі уақытта біз әлі күнге дейін азиалық континетте бірінші орынды иеленіп келеміз. Сонда да осындай кемсітушілікті сезінеміз ”, — дейді Қазақстан MMA федерациясының вице-министрі Анатолий Ким.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша, қазақстандық спортшылар әлемдік рейтингте үшінші орынды иеленген. Ал соңғы айларда Бахрейндегі әлем чемпионатына дайындалған.

Дереккөз: Stan.kz, Хабар 24



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру