Күрес 12 Қазан, 2018 (0) (162)

Әлем чемпионы Максим Раков спортпен қош айтысты

Дзюдо күресінен елімізден шыққан тұңғыш әлем чемпионы Максим Раков спорттық мансабын аяқтады.

32 жастағы спортшы Азия және Әлем чемпионы, 2012 мен 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. 

Тәжірибелі дзюдошымыздың соңғы ірі жарысы Будапештте өтке Әлем біріншілігі болатын. Ол жарыста Максим бірінші айналымнан аса алмады.

Ендігі Максим Раков халықаралық төреші ретінде мансабын жалғастырмақ. Сондай-ақ, бірнеше жыл бұрын әкесі екеуі ашқан Қарағандыдағы спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істемек.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру