Футбол 11 Қазан, 2018 (0) (31)

"Монако" бас бапкерін қызметінен босатты

Франция чемпионатында 18-орында келе жатқан "Монако" клубының бас бапкері Леонардо Жардим отставкаға кетті, деп хабарлайды Alaman.kz тілшісі Championat.com сайтына сілтеме жасап.  

Португалиялық маман 2014 жылдан бастап "Монаконы" жаттықтыруды бастады. Оның басшылығымен 2016/17 маусымда Франция чемпионатын жеңіп алды.  Сол жылы "Монако" Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығып, «Ювентустан» жеңілді. Джардим Францияда "үздік бапкер" атағын 2017 жылы жеңіп алған болатын. 

Еске сала кетейік, осы маусымды "Монако" сәтсіз бастады. Он турдың қорытындысы бойынша, әзірге тек бір жеңіс, үш тең ойын бар.  

Дереккөз: Championat.com

Сурет: parisfans.fr


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру