Alaman Ақпарат 11 Қазан, 2018 (0) (22)

Бекарыс Садуақас Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында дзюдошылар додасы аяқталды. Қазақ балуаны Бекарыс Сәдуақас аралас командалық сында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Alaman.kz тілшісі Olympic сайтына сілтеме жасап.

Бекарыс Сәдуақас - Эквадор, Австрия, Алжир, Бразилия, Перу, Канада және Бахрейн спортшыларымен бірге "Лондон" командасының намысын қорғаған болатын. 

Жартылай финалда "Лондон" аралас командасы "Бейжің" командасынан жеңіліп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Еске сала кетейік, Бекарыс Сәдуақас 100 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанған болатын. 

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру