Желідегі жазбалар 11 Қазан, 2018 (0) (180)

Александр Кузнецов: Еркошқа жанкүйерлер қолдауы ауадай қажет

Александр Кузнецов - Еркебұлан Сейдахметтің бағын ашқан бапкер. 2017 жылы Петерборда өткен "Гранаткин мемориалы" турнирінде Еркебұланды елге танытты.

Дәл қазіргі сәтте Еркебұланның жағдайын сырттан бақылап қана отыра алмаймын. Біз Еркемен 2016 жылдан бастап 17 жасқа дейінгі құрамада жұмыс істей бастадық.Оны «Монтажник» әуесқой балалар клубынан алып кеттік те, бірнеше оқу-жаттығу жиынына, халықаралық матчтарға, ұзын саны 30-дан аса ойындарға қатыстық. Еркебұлан ол кезде танымал емес-тұғын. Оны білетіндердің саны аз еді. Оның тәжірибесі мен шеберлігі енді ғана шыңдалып келе жатқан.

2017 жылы беделді Гранаткин мемориалы халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанып,  жанкүйерлерге  қуаныш сыйладық. Сейдахметті сол кезде ел таныды, бірақ мұндай танымалдылыққа бірден жеткен жоқпыз.

Оның турнирге бармай қалуы да мүмкін еді, алайда мен спорттық принципке барып, оны құрамада қалдырдым. Оған кедергі болғандар болды. Уақыты келгенде мен мұны жай қалдырмаймын, олар өз ісіне жауап берсін.

Гранаткин мемориалындағы жетістіктің нәтижесі белгілі, Еркош «Зениттің» қаралымында болды, «Уфа» футбол клубымен келісім-шарт жасасты, ұлттық құрамаға шақырылып, Венгрияға гол соқты!

Өкінішке қарай, оның жарақаты мен қалпына келуі ұзаққа созылып кетті. Қазір оған 90 минут бойы ойнау аса қажет, ойынның ырғағын сезе білуі және бұрынғы қалпына келуі керек. Қосалқы құрам ба, жасөспірімдер командасы ма, маңызды емес
Еркебұланға жанкүйерлердің қолдауы ауадай қажет! Сенімді түрде айта аламын, ол өзін Месси деп атаған жоқ, жан-тәнімен толық беріліп жұмыс істеп жүр. 18 жасында РКФЛ-ға баруға қорыққан жоқ. Кімнің кімді бұзып жүргенінен хабарым жоқ, бірақ Еркош бұрынғы қалпынан айныған жоқ, Бұқаралық ақпарат құралдарында оны талқылаушылар жетерлік, бірақ оның қазақстандықтарды қуантатын уақыты келеді.  


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру