Футбол 10 Қазан, 2018 (0) (41)

Томасов «Астана» сапындағы нәтижелі ойыншылар тізімінде Бугаевтан озды

Марин Томасов «Ақтөбеге» қарсы нәтижелі пас беріп, гол+пас жүйесі бойынша көрсеткішін 38 ұпайға жеткізді (17 гол және 21 нәтижелі пас).

Ол осы нәтижесі арқылы Игорь Бугаевтан озып, «Астана» сапындағы нәтижелі ойыншылар тізімінде 7-ші орынға көтерілді.

Ал қазіргі уақыттағы көшбасшылар Патрик Твумаси (68+27), Фокси Кетевоама (34+51) және Таңат Нөсербаев (54+25). 

Ал үздік ондықта «Астананың» қазіргі құрамынан Томасовтан бөлек, Жуниор Кабананга (38+10), Дмитрий Шомко (11+36) және Серікжан Мужиков (16+25) бар.

Дереккөз және сурет: "Астана" клубының ресми сайты

 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру