Бокс 10 Қазан, 2018 (0) (46)

Сондерстің кілтипані бар болып шықты

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс боксшы лицензиясынан айырылды.

BoxingScene хабарлауынша, WBO Сондерстің америкалық Деметриус Андрадеге қарсы өткізетін жекпе-жегін өткізбейтін болды. Бірақ, басылым WBO белбеуі Сондерсте қалатыны жайлы жақ ашқан жоқ.

Еске сала кетейік, Билли Джо Сондерстің қанынан тыйым салынған Оксилофрин препараты табылған. Препарат төзімділікті арттыратын амфетамин тобындағы дәрілік зат екені белгілі.

Сондерстің командасы мұрынға тамызатын шашыратқы құрамындағы зат деп оны ақтауға тырысқанымен, ол дәлел бола алмады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру