Жекпе-жек 10 Қазан, 2018 (0) (42)

Хабиб чемпиондығы мен белбеуін сақтап қалады

UFC промоушны Лас-Вегаста өткен ирландиялық Конор МакГрегор мен дағыстандық Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек кешіндегі октагон сыртындағы төбелес үшін жеңімпаздың белбеуін тартып алмайды.

Бұл туралы кеше аталмыш тұжырым басшысы Дана Уайт хабарлады. Оның айтуынша, Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Хабибке 250 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салып, жарыстан 4 айдан 6 айға дейін шектеуді қарастырып жатқан көрінеді. Тіпті Хабиб өрескел қылығы үшін UFC ұйымынан қуылмайды. Ол барлық салмақ дәрежелері қосылған рейтингте 8-орыннан екінші сатыға бір-ақ жоғарылады.

Еске сала кетейік, жекпе-жек аяқталған тұста, Хабиб октагоннан қарғып түсіп, МакГрегордың бапкеріне шабуыл жасаған болатын.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру