Күрес 10 Қазан, 2018 (0) (61)

Бекарыс Сәдуақас алғашқы алтын медальді қоржынға салды

Қазақстандық дзюдошылар Маргарита Гриценко мен Бекарыс Сәдуақас Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы жүлделерді салды.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бекарыс грузин спортшысы Илиа Сулуманидзені қосымша уақытта жеңді. 

- Жақсы көңіл күйде тұрмын. Олимпиада ойындары үлкен жарыс. Қуаныштымын осы жеңісіме. Қазақ еліне құтты болсын деймін. Финалдық кездесу қиын болды. Грузин палуанының күші көп. Сондықтан кішкене шаршап қалдым. Қосымша екі минут күрестік. Қарсыласымды "ваззари" әдісіне салып, жеңіске жеттім,- деді Бекарыс Сәдуақас. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру