Футбол 09 Қазан, 2018 (0) (61)

С.Стоилов: Қарсыластың қателігін күтеміз

Қазақстан құрамасының бас бапкері Ұлттар лигасы жарысының ойындары алдында тілшілермен кездесті, деп хабарлайды Alaman.kz тілшісі Egemen сайтына сілтеме жасап.

- Жарақат алып қалған Еркебұлан Тұңғышбаевтың орнына Соколенконы шақырдық. Әйтпесе, қалған ойыншылар құрамында еш өзгеріс жоқ. Тек Ғафұржан Сүйімбаевтың кішігірім жарақаты бар екен. Ойынға дейін жазылып кететін шығар деп күтіп отырмыз. 

 - Латвия және Андорраға қарсы ойындардан не күтеміз?

 - Негізі, команда ойыны жаман емес. Алайда, шабуылды аяқтау кезінде мәселе көп. Біз жасаған мүмкіндіктерімізді голға айналдыра алмай жатырмыз. Сондықтан да, кішкене команда ойынын өзгертіп көретін шығармын. 

 - Грузиядан жеңілген соң Сіз ойыншыларға динамика жетіспейді деп едіңіз? Осы жағдай 2 ай ішінде өзгерді деп ойлайсыз ба?

 - Осы бір қысқа мерзім ішінде бірнеше ойыншымыз физикалық жағдайын жақсартты деп ойлаймын. Себебі, олар ішкі біріншілікте алаңға көбірек шыға бастады. Егер құрамаға алынатын ойыншының команда жақсы ойнаса, онда ол футболшының құрамаға да тигізер пайдасы көп деген сөз.

  - Топтан шығу мәселесі қалай болып тұр? 

- Әрине, алғашқы екі ойыннан кейін жағдайымыз қиындау. Дегенмен, мүмкіндік бар, демек соңына дейін күресуіміз керек. Қарсыластың қателігін күтетін боламыз. 



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру