Жекпе-жек 07 Қазан, 2018 (0) (126)

Хабиб Нурмагомедов жазаланады

UFC ұйымының президенті Дана Уайт UFC-229 турнирінен кейін берген сұқбатында ресейлік Хабиб Нурмагомедов сыйақысынан айырылып, айыппұл төлеуі мүмкін екенін айтты.

Невада штатының спорттық комиссиясы әлі сыйақыны берген жоқ. Біз комиссиямен бірге жекпе-жектің бейнешолуын қайта қарап жатырмыз. Хабибті спорттан шеттетуі мүмкін. Сондай-ақ, сыйақысынан айырылып, айыппұл төлеуі мүмкін, - деді Дана Уайт.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов Конор Макргегорға қарсы өткен жекпе-жектің төртінші раундында қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Алайда жекпе-жек аяқтала салысымен ирландиялық спортшының командасына жұдырық ала жүгірген Хабиб Нурмагомедовке чемпиондық белбеу берілген жоқ. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру