Alaman Ақпарат 07 Қазан, 2018 (0) (253)

Каратеден Қазақстан құрамасы Жапонияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде

Каратеден Қазақстан құрамасы Жапонияның Юки қаласында (Ибараки префектурасы) оқу-жаттығу жиындарын бастады деп хабарлайды Alaman тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Аталған жиын Токиода өтетін премьер-лига кезеңі қарсаңында жоспарланып отыр. Сондай-ақ, бұл басқосуды 2020 жылғы Токио Олимпиадасына дайындық кезеңі аясында жапон тарабы ұйымдастыруда. Юки қаласының билігі 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дейін Қазақстан құрамасының жиындарын өткізу міндетін өз мойнына алмақ. Оның ішінде команда мүшелерінің жол шығындары да бар. Меморандумға оқу-жаттығу жиыны аяқталған соң, 10 қазан күні қол қойылады. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру