Жекпе-жек 07 Қазан, 2018 (0) (121)

Хабиб Нурмагомедовке АҚШ-қа жол жабық

UFC ұйымының президенті Дана Уайт UFC-229 турнирінен кейін берген сұқбатында ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовке АҚШ-қа виза берілмейтінін айтты. 

- Жігіттерге (Зубайра, Махачев және Нурмагомедов - авт.) АҚШ-қа ендігі жол жоқ. Оларға виза берілмейді, - деді Дана Уайт. 

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов Конор Макргегорға қарсы өткен жекпе-жектің төртінші раундында қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Алайда жекпе-жек аяқтала салысымен ирландиялық спортшының командасына жұдырық ала жүгірген Хабиб Нурмагомедовке чемпиондық белбеу берілген жоқ. Ресейлік спортшы уақытша жекпе-жектерден шеттетілуі әбден мүмкін.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру