Футбол 06 Қазан, 2018 (0) (201)

«Қайратта» қайрат қалмады. «Тобылды» «Ертіс» тоқтатты

Қазақстан премьер-лигасының 29-турында Шымкентте жергілікті «Ордабасы» алматылық «Қайратты» қабылдады. Бүгін қайраттықтар құр қайтты. 37-минутта Жасұлан Молдақараев гол соқты. Алос шәкірттері қанша тырысса да, есепті теңестіре алмады. Теңестіру былай тұрсын, 90 минут түгесіліп, қосымша уақытта Тимур Досмағанбетов есепті еселеп кетті.

Талдықорғанда «Жетісу» мен «Шахтер» тең түсті. 14-минутта Геворг Наджарянның соққан голына, 56 минут өткенде Степанюк жауап берді.

«Қайсар» өз алаңында «Атыраудан» басым түсе алмады. Екінші таймның бел ортасына дейін гол соғылмады. Тоқтар Жанғылышбай «Атырауға» автогол соғып алды. 78, 85-минуттарда Тағыберген мен Ламанже қызылордалықтарды алға шығарған. Араға екі минут салып Родионов атыраулықтарға маңызды ұпай алуға септігін тигізді.

Оралда «Ақжайық» пен «Қызылжар» 0:0 есебімен тең түсті.

Соңғы екі турларда 6 ұпай олжалаған «Тобылды» «Ертіс» тоқтатты. Өз алаңында премьер-лиганың 10 сатысына жайғасқан қонақтар сапынан 70-минутта Дору Попадюк ойындағы алғашқы голдың авторы атанса, шау тартқан Нөсербаев есепті теңестірді. Қос ұжым тең ойынға қанағат білдіргендей болған. Алайда керекуліктер 89-минутта есепте алға шығып, үш ұпай олжалады. Гол авторы - Стаменкович.

Ертең, яғни қазанның 7-нде «Астана» «Ақтөбеге» қонаққа барады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру