Хоккей 05 Қазан, 2018 (0) (248)

«Ақтөбе» хоккей клубы құрылды

28 жыл өткен соң, Ақтөбенің тарихында кәсіпқой хоккей командасы қайта құрылды.

Ақтөбеде шайбалы хоккейден жастар лигасын құру бойынша шешімді Ақтөбе облысы әкімдігінің бастамасымен Қазақстан хоккей федерациясы қабылдады. Енді «Ақтөбе» 7-8 қазан аралығында өз жерінде республикалық жастар хоккей лигасының маусымдық ашылуында алғашқы ойынын өткізеді. Алғашқы ойында «Ақтөбе» хоккей клубы петропавлдық «Құлагер» командасына қарсы матчта ойнайды.

- Енді бізде хоккей клубы бар. Бұл спорт түрінің қайта жандануы, аймақта қысқы спорт түрлерін дамытуға және жастардың қызығушылығының одан әрі артуға септігін тигізеді, - деді клубтың бас бапкері словакиялық Юлиус Пензес. Бұған дейін ол «Ертіс» командасын жаттықтырған. Қазіргі уақытта, Ақтөбе өңіріне шақыртылып, өзінің жұмысын бастап кетті.

Дереккөз: Sports.kz

Сурет: Sports.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру